Қайғылы оқиға

Жамбыл облысында қураған ағаш теріп жүрген мектеп оқушысын пойыз қағып кетті

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысында жол бойында қураған ағаш теріп жүрген 11-сынып оқушысын пойыз қағып кетті.

Дәрігерлер жасөспірімді аман алып қалу үшін 4 сағаттай күрескен. Алайда одан нәтиже шықпады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға күндізгі уақытта Боранды-Сұрым бағытының 3444-шақырымында болған. 106-жүк пойызы оқушыны қағып, ұшырып жіберген.

"Оқушы жол бойындағы қураған ағаштарды жинап жүріп, темір жолды кесіп өтпек болған. Машинист сағатына 65 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Ол бірнеше рет сигнал беріп, жылдамдықты барынша азайтыпты. Құлаққап тағып алған бала рельс арқылы жолды кесіп өтпек болған", — деді Тараз станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Аслан Дүйсембаев.

Оқушы бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Бегілі болғандай, қаза тапқан жасөспірім 8 балалы отбасыдан шыққан. Үйіне көгілдір отын кіргізілмегендіктен, ол осылайша отын жинап жүріпті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров