Newscorr

Newscorr: Шұрық-тесік жол мен балшық көше ақтөбелік рэперлерді шабыттандырды

Экспресс К

Видеодан кадр

Көктем басталғалы Ақтөбедегі көшелер мен аулалар суға толды. Қазір тұрғындар көшеде балшыққа батып әрең жүр. Ал қаланың осындай сиқы жергілікті рэперлердің шабытын шақырған.

Тұрғынның бірі көшенің көрінісін видеоға түсіріп, Экспресс К сайтының Newscorr қызметіне жүктеген.

Бейнежазбада тұрғын су басқан аулаларды Венециямен салыстырып, орыс тілінде рэп айтады.

Жыл сайын көктемде Ақтөбе суға кетеді. Бұл — Венеция. Аяқ киім балшық болады. Баратын жер жоқ. Әкім, тығылмай шық,

— дейді тұрғын.

Ол көктем басталса ақтөбеліктердің көретін күні осы екенін айтады. Жалпы қалада қар күрт еріген кезде көшеде жүру мүмкін болмай қалады.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров