Сыйлықтар

Қызылорданың көркін кетірген сыйлықты көпшілік сынға алды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Қызылорда қаласының туған күніне Қазалы ауданының атынан тарту ретінде салынған саябақ қазір қоқыс алаңына айналып кеткен.

Сыйлық ретінде салынған саябақтың қазіргі көрінісі әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Демалыс орынының қақ ортасында Қазалы ауданының таңбасы (нар түйе бейнеленген) тұр. Оның да қазір сау-тамтығы қалмаған. Түсі оңып, бейнелері түсіп қалыпты. Ал таңбаның астында "Қызылорда қаласына Қазалы ауданынан тарту. Аудан әкімі М.Ергешбаев" деп жазылған.

Саябақтағы Сырдария өзенінің макетінің көрінісі тіпті күлкілі. Ол арықтан су ақпағанына біраз болғаны анық көрінеді. Макет құдды бір өзеннің қазіргі аянышты күйін көрсетіп тұрғандай. Желіде тараған видеоның авторы да дәл осы макетті әбден келеке қылады.

Біз тұрған саябақта Сырдарияның кішігірім макетін салып қойыпты. Мен қазір сол макеттегі көпірдің үстінде тұрмын. Оператор көрсетші,

— деп күледі ол.

Саябақта бір түп тал жоқ. Есесіне қоқыс басқан. Демалыс орнына салынған орындықтар да қаусап тұр. Орталықтағы көшелердің сәнін кетіріп тұрған бұл маңда демалып жүрген адамдарды да байқамайсың.

Ал желі қолданушылары дәл осы саябақтың дизайнын жасаған сәулетшілерді сынға алды.

"Тал егіп, жайқалтса, жақсы жер болар еді" ," Ұят-ай, ұят. Сыйлықтың ақшасын жеп қойған шығар", "Бізге оңған басшы бұйырмады",

— деп жазды пікір білдірушілер

Осы мәселеге байланысты Экспресс К тілшісі қала әкімдігіне сауал жолдады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров