Қылмыс

Қызғаныш себеп болған. Шымкентте екі ер адамның ерегісі кісі өлімімен аяқталды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Шымкентте тапа-тал түсте ер кісіні пышақтап кеткен. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмды.

Болжам бойынша, қанды оқиғаға қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Екі ер азаматтың жанжалдасып тұрған сәтінің видеосы дүкен алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда мәселені өзара шешпек болған екеудің бірі екіншісіне пышақ сілтеп, соңынан қуалай жөнеледі. Кейіннен жол бойында оған пышақ сұғады. Куәгерлер дереу полицияға хабарласқан.

Кісі өлімімен аяқталған оқиға Абай ауданында болды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция, жедел-тергеу тобы мен аудан прокурорлары жеткен. Күдікті дереу ұсталды.

"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Болжам бойынша, ауыр қылмыс жасауға қызғаныш себеп болған. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады", — делінген департамент таратқан мәліметте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров