СІМ

"Менің деңгейім емес". Министр ресейлік депутаттың сөзіне қатысты ойын айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

Мұхтар ТІлеуберді/ҚР СІМ / Сергей Севостьянов/twitter.com/moscowcityduma

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеу Думасының депутаты Сергей Севостьяновтың "денацификация" аймағын Украинамен шектемеу туралы сөзіне қатысты жауап берді.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ол Севостьяновқа өз тарапынан жауап қатудың қажеті де жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Әр айтылған сөзді жеке қарастырып, кім айтса, сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, Зюгановқа Мәжіліс пен Сенат депуттары жауап қатты. Ал енді федералды деңгейден төмендерге блогерлер, саясаттанушылар жауап бере берсе болады,

— деді Мұхтар ТІлеуберді.

Бұған дейін Мәскеу қалалық Думасының депутаты Сергей Севостьянов енді "денацификация" аймағына Балтық жағалауы елдерін, Польша мен Молдованы, Қазақстанды қосуды ұсынған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров