Әлеуметтік қор

Мемлекет жұмыссыз қалғандарға бұрынғы табысының 40 пайызын төлеп беруге дайын

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алудың тәртібін бекітті.

Министрлік жұмысынан айырылған азаматтардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бұрынғы табысының 40 пайызына дейін төлем алатынын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

2022 жылдың 1 наурызына дейінгі жинақталған мәліметке сүйенсек, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 25,2 мың болған.

Қолданыстағы заңға сай жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тіркелу ұзақтығына қарай және соңғы екі жыл көлеміндегі табысының көлеміне байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады.

Жұмыстан босатылуы себепті төлем аул үшін азаматтарға келесі талапты орындау қажет:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтырып ЭЦҚ арқылы қол қойғаннан кейін өтінішті жіберу;
  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы азаматқа бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаған жағдайда, 3 күн ішінде өтініш берушіге жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері хабарласады);

Аталмыш қызметті Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы онлайн түрінде пайдалануға да мүмкіндік бар.

Азаматтың жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер нақтыланғаннан кейін министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Төлем алуға келіскен жағдайға аталған хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде белгіленеді.

Министрлік Қордың есебінен берілетін әлеуметтік төлем азаматтардың жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналғанын ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров