Қазақ жігіті алғаш рет сумодан чемпион атанды


instagram.com/arman_shorai
Алматы облысындағы Балқаш ауданының тумасы Ерсін Балтағұл Жапониядағы сумо күресінен хару башёда макушита дивизионы бойынша чемпион атанды.
Ол финалдағы қарсыласын 7:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл — оның ересектер арасындағы алғашқы ірі жеңісі. Бұған дейін Ерсін 2019 жылы жастар арасындағы сумо чемпионатында топ жарған.
Ерсін Балтағұл Алматы облысынан Токиоға 18 жасында кеткен. Бала күнінде қазақша күрес және дзюдомен айналысқан. Жалпы, ол дүниеге келген Бақанас балуандар елі десек, артық айтқандық емес. "Қазақстан барысында" топ жарған Ұлан Рысқұл мен оның інісі Руслан Әбдіразақов та осы ауылдың тумасы.


Оқи отырыңыздар:
Ерсіннің сумоға келуіне әйгілі Моңғол палуаны, сумодан чемпионы (ёкозуна) Асашёри Дагвадорж себепші болған. Ол қазақ жігітіне қолдау білдіріп, оның Жапонияда оқуына қолғабыс жасаған.


Қазір Ерсін Нихон университетінде үш бірдей бапкерден (ояката) тәлім алады. Ол оқуға барғанда салмағы 130 келі болып, қазір 190 келіге дейін жеткен. Ерсіннің сумодағы лақап аты — Кинбозан, қазіргі дәрежесі — Ms34.