Newscorr

Newscorr: Жезқазғандағы тау-кен байыту зауытынан өрт шықты

Экспресс К

Видеодан кадр

Бұл зауыт «Қазақмыс» кәсіпорнына тиесілі. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Өртке цехтарға берілетін электр қуатының кернеуі төмендеп кетуі себеп болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға бейнежазба жодаған автордың айтуынша, өрт өндірістік цехтардың бірінен шыққан. Бұл цехтарда шахтадан шығарылған рудалар барынша ұсақтатылып, кезекті өңдеу бөлімдеріне жіберіледі.

ҚР ТЖМ редакциямызға береген мәліметінше, өрт түсте тұтанған. Кәсіпорынның өрттен қорғау қызметі жарты сағатта қызыл жалынды ауыздықтап үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров