Келіссөз

"Әділдік – екі жақ үшін де жеңіс". Ердоған Украина мен Ресей келіссөзін бастады

Олжас НҰРЖАҚЫП

© AP

Стамбұлда Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз басталды. Жабық есік жағдайында екі күн бойы өтетін кездесудің басын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бастап берді.

Ол бұл келіссөз екі ел президенттерінің бетпе-бет кездесуіне жол ашады деген үміті барын да айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл — жүзбе-жүз бір үстел басына жиналған екінші кездесу. Бұған дейінгі келіссөздерді екі тарап та бейнебайланыс арқылы онлайн өткізіп келген. Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркия президенті соғысты тоқтатудың маңыздылығына мән берген.

©AP/Burhan OZBILICI

"Талай апаттың, соғыс пен түрлі жағдайдың куәсі болған ел ретінде Қара теңіз солтүстігінде сол көріністің тағы қайталанғанын қаламаймыз. Түркия қашан да бейбітшілік пен тұрақтылықтың, достық пен татулықтың бөлшегі болуы үшін бәрін жасап келеді. Бүгінгі кездесудің де оң нәтижемен аяқталуына сенім білдіремін. Тіпті осы кездесу соңы екі тарап президенттерінің бейбіт келісіміне ұласса деген үмітте бар. Әр өлім құшқан азамат, қираған ғимарат, бүлінген жер мен ел, құлдыраған экономика — мұның бәрі де біздің ортақ болашағымызды жоғалтады. Сондықтан әділ әлем, әділдік екі тарап үшін де жеңіс болмақ. Ал соғыстың жалғасуы ешкімге пайда әкелмейді", — деді Ердоған.

Долмабахче сарайына Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский бастап келсе, Украина өкілдерінің қатарында Жоғарғы Рададағы "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі Дэвид Арахамия бар.

© AP

Сондай-ақ бұл кездесуге ресейлік бизнесмен Роман Абрамович те келген. Ол ресми түрде делегация мүшесі емес. Бірақ келісімге келу бағытындағы іс-шараларға қатысуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров