Астық

Ақтөбе облысы Ресейдегі тыйымның кесірінен нансыз қалуы мүмкін бе?

Кәмшат ҚОПАЕВА

elements.envato.com

Ақтөбе өңіріндегі ірі наубайханалардың бірі Ресейден сатып алған бидайды жеткізе алмай отыр. Қазіргі таңда астық тиелген 35 вагон Орск теміржол бекетінде тұр.

Алаңдаған кәсіпкер кімнен көмек сұрарын білмей дал, деп хабарлайы Экспресс К.

Ақтөбедегі "Рамазан" ЖШС-ның бас дирекоры Т. Шаймағамбетов өңірдегі "Атамекен" кәсіпкерлік палатасынан көмек сұрады. Серіктестік сатып алған 35 вагон астықты елге әкеле алмай отыр. Құжаттары түгел болса да вагондар қаңтарылып тұр. Бұған себеп — Ресей үкіметінің бидай экспортына тыйым салуы.

Ал сауда-саттық тыйым салу туралы қаулы шықпай тұрып жасалған.

Аталған мәселе бойынша "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының облыстық филиалы, Орынбор облысындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Виктор Коршуновпен сөйлескен. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелері талқыланған. Қазір нәтижесін күтіп отыр.

Сондай-ақ "Рамазан" серіктестігінің мәселесін шешу үшін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігіне ресми хат жіберілген.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов "Рамазан" серіктестігінің Ресейден сатып алып, жеткізе алмай отырған 2 мың 400 тонна бидайы, облыс тапшылығына әсер етпейтінін айтты. Бұл бидай әлеуметтік маңызы бар өнімдерден бөлек өнім түрлерін шығаруға арналған.

Өңірде бидай, ұн тапшылығы жоқ. Қазіргі таңда "Рамазан" серіктестігінің өзінде 1700 тоннаға жуық, ал "Жаңа Әлжан" ұн комбинатында 59 мың тонна азықтық бидай сақтаулы тұр,

— деді Исатай Еспағамбетов.

Сондай-ақ облысты ұнмен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына 7200 тонна ұн сатып алынған. Бұл ұнды өндіру үшін 10 мың 33 тонна бидай қажет. Ал қажетті бидайды "Азық-түлік корпорациясы" бөлді.

Қазір ұн арзандатылған бағамен тұрақты түрде және ай сайын облыстағы ірі төрт наубайханаға жеткізіліп отыр.

"Тапшылық болады деп қаптап ұн сатып алып, алаңдауға негіз жоқ. Астық қоры жеткілікті,"

— деді Исатай Еспағамбетов.

Қазір өңірдегі ірі супермаркеттерде әлеуметтік нанның бағасы — 85 теңге.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров