Newscorr

Newscorr: Алматыны жойқын дауыл жапырып барады

Экспресс К

Видеодан кадр

Дәл қазір оңтүстік астана мен оған жақын орналасқан аудандарда жойқын дауыл соғып жатыр.

Әзірге одан қанша шығын әкелгені белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазірдің өзінде Экспресс К редакцияының Newscorr сервистік қызметіне ондаған бейнежазбалар түсіп жатыр. Қаланың кейбір аудандарында жарық өшіріле бастады. Ал құлаған электр желілері мен ағаштар есепсіз. Тіпті көшеде келе жатқан көліктерге ағаш құлап жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жариялағанын айтты.

Күндіз және 30 наурызға қараған түнде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетпек. Тауды тұман басуы ықтимал. Сондықтан көліктерді ағаштардың астына қоймауды ұсынамыз,

— делінген қалалық ТЖД ақпаратында.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров