Newscorr

Көлден ыққан мұздықтар 5 метрге дейін көтеріліп, жағалаудағы ауылды басып қалды

Экспресс К

© Newscorr

Қамбаш көлі - Қызылорда облысының Арал ауданындағы су айдыны. Теңізден бөлініп шығатын бұл көл жағалауын бүкіл аймақтың туризм орталығы деуге болады.

Қатты желден ыққан мұздықтар жағалаудағы бүкіл инфрақұрылымды басып қалып, маңайдағы ауыл тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды Экспресс К.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автордың айтуынша, табиғат мұндай тосын мінезін бүгінгі дауыл кезінде көрсеткен. Қатты дауылдан көл бетіндегі мұздар жылжып жағалаудан 40-50 метрге дейін асып кетіпті.

Ал биіктігі 4-5 метр болатын айсберг, яғни мұзтаулар жағалаудағы туристік нысандар мен елді мекендердегі ғимараттарды қиратып кетті. Арасында тұрғын үйлер де бар.

Бейнежазба авторының айтуынша, адам шығыны жоқ, мал-жан аман. Тек туристік нысандар мен тұрғын үйлер әбден бүлінген.

Айта кетейік, Арал теңізі маңындағы Қамбаш көлі Қызылорда және Ақтөбе облысының тұрғындары жазда келіп демалатын маңызды туристік мекен. Өйткені Арал теңізі тартылып кеткелі, аймақ тұрғындары үшін туризмге қолайлы басқа мекен қалмаған.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr
© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров