Жамбыл облысында кекілік аулап жүргендер ұсталды


ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысында еліміз бойынша аулауға тыйым салынған кекілікті ұстаған екі азаматты полиция қолға түсірді. Олар осы іспен ұзақ уақыт бойы заңсыз айналысып келген.
Жамбыл облысында Қызыл кітапқа тіркелген құсты аулаған адамдар қамауға алынды, деп хабарлайды Экспресс К.
Полицейлердің айтуынша, олар Кенен ауылдық округінің аумағындағы таулы аймақта кекілік аулаған. Тексеру барысында күдіктілердің қанжығасынан 17 кекілік пен құс аулайтын құралдар тәркіленді.
Оқи отырыңыздар:
Аталған іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, ұстау дерегі бойынша іс қозғалды. Жиналған мәліметтер Қордай аудандық сотына жолданды,