Ауа райы

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбе облысының аумағында ауа райы күрт нашарлады. Боран соғып тұр.

Осыған байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Самара — Шымкент тас жолының 776-дан 965-ші шақырымына дейінгі және Ақтөбе — Орск тас жолының 39-дан 136-шы шақырымына дейінгі бөлігі жабылды.

Облыстық Полиция департаменті тұрғындарға жол ережесін мұқият сақтап, алыс сапарға шықпауды ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров