Ауа райы

Темір жолды басып қалған. Атырауда құмды дауылдан шатырлар ұшты

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Еліміздің батысын жайлаған құмды дауыл әлі де басылар емес.

Атырауда көпқабатты үйлердің шатырлары ұшып, тіпті шатыр темір жолды басып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіден

Желдің жылдамдығы — секундына 22-28 метр. Тұрғын үйлерден бөлек, балабақшалардың да шатыры ұшқан. Тіпті ұшқан шатыр темір жол мен тұрақта тұрған көлікке түскен. Ал қаладағы Нұрсая ықшамауданында бес қабатты үйдің қасбеті құлап қалған.

Қала аумағында тоғыз төтенше жағдай тіркелді. Алты тұрғын үй мен екі балабақшаның шатыры ұшып кетті. Аудандарда да үйлердің шатыры ұшып жатыр. Адамдар зардап шеккен жоқ,

— деп хабаррлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Әлеуметтік желіден

Тұрғындар шақыртуға келмей жатқан төтеншеліктерге ашулы. Мәселен, Атырау Халықаралық әуежайының маңайында орналасқан көпқабатты үйдің қаңылтыр шатыры құлап қалған. Тұрғындардың айтуынша, құтқарушылар екі сағаттан бері шақыртуға келмепті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров