Дауыл

Алматыдағы дауыл әуежайдағы ұшақты ұшыра жаздады

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Алматы халықаралық әуежайында қатты дауыл салдарынан тоқтап тұрған ұшақ орнынан қозғалып кетті.

Тіпті сол маңда жүрген қызметкерлер де желдің екпінінен ұшып кете жаздаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әуежайдағы қатты дауыл салдарынан ұшақтың орнынан бұрылып кеткенін көрсететін бейнежазба ОРДА телеграм-арнасында тарады. Видеода қатты желдің екпініне сол маңдағы жұмысшылардың да шыдамағанын байқайсыз. Ұшақтың жазбасына қарап СКАТ әуе компаниясына тиесілі екенін білуге болады.

Экспресс К аталған жайтқа байланысты СКАТ әуе компаниясына хабарласты. Компанияның баспасөз қызметіндегілер дәл сол сәтте бортта жолаушылардың болмағанын әрі ұшаққа ешқандай зақым келмегенін айтты.

Boeing-737 әуе кемесі әуежай тұрағында тұрды. Дөңгелектерінде техникалық талапқа сай тежегіш болған. Бірақ желдің екпіні қатты болғаны сонша ұшақты орнынан 30 пайызға бұрды. Жолаушылар болған жоқ. Ешқандай зақым келмеді,

— деді баспасөз қызметіндегілер.

ЭК бұған дейін Алматыда жойқын дауыл соққанын жазған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров