Украина

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды

Экспресс К

СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан азаматтарын репатриациялық ұшақпен эвакуациялау аяқталды.

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Елшіліктің мәліметінше, Польшаның Катовиц қаласынан жеті эвакуациялық рейс орындалған. Осылайша Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға оралды.

"Қазір репатриация ұшақтарымен азаматтарды эвакуациялау аяқталды. Жабық елді мекендерде болған және көрсетілген рейстермен Украинадан шыға алмаған азаматтардың өтініші жеке тәртіпте қаралатын болады, — деді Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі.

28 наурызда Катовицеден Қазақстанға 53 қазақстандық бар жетінші рейс ұшты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров