Әуежай

Елорда әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты жабылды

Экспресс К

elements.envato.com

Елордада күннің бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов әуе айлағының қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебімен жабылғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Жолаушылар ұшақтардың ұшып шығуы, қонуы, кешігулер туралы ақпаратты әуежайдың ақпараттық қызметінен және әуе компанияларының call-орталықтарынан біле алады.

Еске сала кетейік, елордада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланған.

Бұған дейін де Алматы халықаралық әуежайында қатты жел ұшақты орнынан қозғап жібергені хабарланған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров