Қазмедиа

"ҚазМедиа орталығында" өрт болып, адамдар эвакуацияланды

Экспресс К

Видеодан кадр

"ҚазМедиа орталығы" ғимаратында автоматты өрт дабылы іске қосылған. Адамдар ғимараттан эвакуациялануда.

Бұл туралы "ҚазМедиа орталығының" қызметкерлері түсірген видеолар желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Эксперсс К.

Телеарналар хабар таратуды тоқтатты.

"29 наурыз сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Д.Қонаев көшесі 4 мекенжайына барды. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингте трансформатор жанып жатқаны анықталды. Адамдар өздері қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеуде", — деп хабарлады ТЖД.

"Хабар 24" техникалық ақауларға байланысты хабар таратуын тоқтатты", –делінген телеарнаның сайтында.

22 қабатты ғимарат елорданың сол жағалауында орналасқан. Онда еліміздің жеті телеарнасы мен үш радиостанция хабар таратады. "Хабар", "Хабар24", " KazakhTV", "Qazaqstan", "Balapan" арналары, "Еуразия" бірінші арнасы, "МИР" МТРК, "Қазақ радиосы", "Shalqar" радиосы және "Астана" радиосы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров