Жарылғыш зат
Елордада сауда орталығына "мина қойған" адам іздестіріліп жатыр


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
29 наурыз түсте астанадағы "Сарыарқа" сауда орталығының жұмыс нөміріне белгісіз ер адам телефон соғып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқан.
Сауда орталығының әкімшілігі дереу полиция шақырған, деп Экспресс К.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер аттанды. Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ,
Сауда орталығының ғимаратынан 350 адам эвакуацияланған.
Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша шығынды өтеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі таңда полиция бомба туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр.
Бөлісу