Әуежай

Елорда әуежайы жұмысын қайта бастады

Экспресс К

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі

30 наурызда сағат 00.00-ден бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын қайта бастады.

Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекеновтың хабарлауынша, рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ұшу, ұшып келу, кешіктіру туралы толық ақпарат алу үшін әуежайдың ақпараттық бөліміне және авиакомпаниялардың call-орталықтарына хабарласыңыз. Әуежайда ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Көшеде көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан әуежайға ертерек келуін сұраймыз", — деді Ә. Шәлекенов.

Еске салсақ, 29 наурыз күні елордада әуежай қатты жел мен көрудің нашарлығына байланысты сағат 00.00-ге дейін уақытша жабылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров