Ауа райы
Астанада қатты жел тұрғындарды әбігерге салды


Видеодан кадр
Елордада қатты жел мен боранға байланысты дабылды ескерту жарияланды.
Қосшы мен Нұр-Сұлтан іргесіндегі елді мекен тұрғындары жарықтың сөніп қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Екпінді желден қалада электр желілері үзілген.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 08.00-ден бастап елордада 80 жол-көлiк оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.
Қаланың жел ұшырған шатырлары мен бүлінген тұстарын тұрғындар әлеуметтік желіде жариялап жатыр.
Күшті желден тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс жәшіктері жылжып, тұрақтағы көліктерге соғылған.
Сондай-ақ кейбір үйлердің шатырлары ұшып, есік алдындағы көліктердің үстіне құлаған.
Бөлісу