Жол апаты

Жаяу жүргінші екіге бөлініп қалған. Тобылда жантүршігерлік жол апаты болды

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Қайғылы жағдай кеше кешкісін Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болған.

Көшеде үш көлік соқтығысып, жаяу кетіп бара жатқан адамды соққан, деп хабарлайды, Экспресс К.

Денесі екіге бөлініп қалған 25 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай көз жұмды.

Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат 56 жастағы жүргізуші мінген Renault Logan автокөлігімен соғылған. Ал екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жасар жігіт қаза тапты,

— деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров