Блогер

"Ішімдік ішіп, желіні былғайды". Мұрат Әбділдаға арналған ән жұртқа ой салды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Мұрат Әбділда/vk.com

Әлеуметтік желіде Мұрат Әбділда есімді қолданушыны көпшілік жақсы таниды. Ол тікелей эфирде түрлі бәйәдеп әрекеттер жасап, өнер иелерімен ерегіске де барып жатады. Атышулы Әбділда соңғы кездері ән орындап, бейнеклип те түсіріп жүр.

Тараздық блогер Шәкір Бақберген Мұрат Әбділданың іс-әрекетін қатаң сынға алып, ән арнады, деп хабарлайды Экспресс К

Шәкір Бақберген Мұрат Әбділданы жастардың санасын улап жүр деп айыптаған. Оның айтуынша, қолдауға ие болған сайын оған еліктейтіндердің қатары көбейіп барады. Блогер жас буынға дұрыс тәрбие беру керектігін айтады. Сондай-ақ ол жалаңаштанатын эстрада сұлулары мен намыссыз жігіттерді сын садағына алыпты.

Шәкір Бақберген — әлеуметтік желіде осылайша әндерді қайта өңдеп, түрлі тақырыптарды қозғап жүрген блогер. Ол бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс, қазақ тілінің жағдайы және өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының әрекетін сынаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров