Косметолог

"Жас жігіттерден бастап ағаларға дейін..." Ерінін үлкейтетін ер адамдар көбейген

Фархат ӘБІЛОВ

instagram.com/dr.dana011

Елімізде косметолог маманның көмегіне жүгініп, ерінен үлкейтетін ер адамдардың қатары көбейген.

Косметологқа 20 жастағы жігіттен бастап 50-ден асқан ел ағалары да келеді екен, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/dr.dana011instagram.com/dr.dana011
instagram.com/dr.dana011

Атыраулық Дана Джамбулова екі жылдан бері косметолог болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, айына 50-ден астам адамға косметологиялық қызмет көрсетсе, оның 20-ға жуығы ер адамдар. Тіпті бір ер адам косметологқа айына екі рет келеді екен.

Иә, қазір косметологқа келетін ер адамдардың қатары көбейді. Мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір адамдар киген киіміңе және түріңе қарайды. Соңғы уақытта ер адамдар бет күтіміне аса қатты мән береді,

— дейді Дана Джамбулова.

instagram.com/dr.dana011instagram.com/dr.dana011
instagram.com/dr.dana011

— Бет күтімімен қатар, бетіне операция жасататындар да бар ма?

Операция деп айтуға болмайды. Арнайы гель арқылы ерінін үлкейтуге ер адамдар келеді. Өздерінің еріндері кішкентай екенін айтып, үлкейтуді сұрайды. Мен үшін сапалы жұмыс маңызды болғандықтан, барынша табиғи қалып секілді үлкейтіп беремін. Бірнеше айлардан кейін қайта келіп, тағы да үлкейтеді. Демек, менің жұмысым оларға ұнайды.

— Еріндерін қандай еркектер үлкейтеді?

Көбіне жастар келеді. Мәселен өткен аптада 20 жастағы жігіт келіп, ерінін үлкейтіп беруді сұрады. Өте сәтті шықты. Оған да өз еріні ұнамайды екен. Қоғам ерін үлкейтетін ер адамдарды сөгуі мүмкін, бірақ бұл — заман талабы. Қазір бет күтімі мен әлпетіңе аса қатты мән берген жөн. Маған айына екі рет келіп, беттерін тазартатын ер адамдар бар. Есесіне беттері таза, безеусіз жүреді. 50-ден асқан ер адамдар ботокс жасатады. Өйткені жастары ұлғайған сайын, беттеріне әжім түседі.

Косметолог Дана Джамбулованың айтуынша, соңғы уақыттарда препараттардың бағасы бірнеше есеге өскен. Алайда бағаның өсуі ер адамдарды алаңдатпайды екен.

instagram.com/dr.dana011instagram.com/dr.dana011
instagram.com/dr.dana011

Қарапайым адам келіп, бетін тазалап, ботокс жасатып, ерінін үлкейтуді сұрамайды. Жақсы жерде жұмыс істейтін, халық алдында жүрген адам ғана косметологқа жиі келеді. Ең арзан процедура 15 мыңнан басталып, 500 мыңға дейін барады. Мен препараттарымды Испания, Швейцариядан тапсырыспен аламын. Қызметіме асабалар, жұлдыздар да жүгінеді.

— Құпия болмаса, айына қанша табасың? Кездесіп жүрген адамың бар ма?

— Айына миллионның үстінде табамын. Бірақ бұл қызметтің шығыны да көп екенін айта кеткен жөн. Жігітім жоқ. Өйткені күні бойы жұмыстамын және жұмысымды қатты жақсы көремін!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров