LRT

Атышулы LRT туралы күлкілі видео шықты

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде құрылысы 2011 жылы басталып, әлі аяқталмаған жеңіл рельсті көлікке қатысты езу тартар видео жарияланды.

Бейнежазбада LRT бағандарының қол бұлғап, ән айтып, би билеп тұрғаны көрсетілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Алмаз Дүйсебаев есімді Facebook қолданушысы "Өлең айтатын бағандар" деген видео жариялады. Онда елімізгі жемқорлық дауымен танылған "Астана LRT" бағандарын көруге болады.

Желі пайдаланушылары қызықты видеоға қарық болып, түрлі пікір қалдырып жатыр. Олардың арасында "шенеуніктер енді осы әнді жаттап алар", "мынау керемет екен", "жемқорлық символы" дегендері бар.

Еске салсақ, 2019 жылы атушылы "Астана LRT" жобасын және оған жауапты басшыларды Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі сынға алған еді. Қазіргі кезде дау-дамайдан арылмаған жоба бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров