Уилл Смиттің әйелі "Оскарды" беру рәсіміндегі жанжалдан кейін емделіп жатыр


©AP/Chris PIZZELLO
Әлемге әйгілі актер Уилл Смиттің жары Джада Пинкетт-Смит "Оскар" сыйлығын тапсыру кезінде болған жанжалға қатысты пікір білдіргендей болды.
Джада өз ойын Instаgram-дағы парақшасында қысқаша ғана жазған, деп хабарлайды Эскпресс К.


©AP/Jae C. HONG
Қазір сауықтыру маусымы, сондықтан мен осындамын,
Оқи отырыңыз:
Естеріңізде болса, Уилл "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімі кезінде сахнаға атып шығып, әзілкеш жүргізуші Крис Рокты жұдырықпен бір ұрған еді. Ол актердің әйелі Джада Пинкетт-Смиттің шашы "таңғаларлық және тым қысқа" деп әзілдеген болатын.
Джада Смит — алопеция ауруына шалдыққан. Бұл дерттен шаш тез түседі.
Экспресс К бұған дейін Оскар сыйлығында ең үздік ер адам рөлі "Король Ричард" фильмінде ойнаған Уилл Смитке табысталғанын жазды.