Шоу-бизнес

Мейрамбек АҚШ-та концерт қойып, одан түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Беспаев жақында АҚШ-тың Огайо штаты мен Филадельфия қаласында концерт өткізбек.

Жалғыз емес, әнші Ғазизхан Шекербекпен бірге, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/m_besbaevinstagram.com/m_besbaev
instagram.com/m_besbaev

Концерт 1 сәуірде АҚШ-тың Огайо штатында, ал 2 сәуірде Филадельфия қаласында өтеді. Қос әнші одан түскен қаржының жартысын қайырымдылыққа аудармақ.

1 сәуір күні Огайода, 2 сәуір күні Филадельфияда кездесейік. Наурызды бірге тойлайық. Концерттен түскен табыстың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ. Қасиетті Рамазан айын жақсы ниеттен бастайық,

— деп жазды Мейрамбек Беспаев.

instagram.com/m_besbaevinstagram.com/m_besbaev
instagram.com/m_besbaev

Естеріңізде болса, белгілі әнші, сазгер Марат Омаров та АҚШ-тағы қазақтардың басын қосып концерт берген еді. Ол бір емес, тоғыз штатта жеке кешін ұйымдастырды. Экспресс К бұған дейін Мейрамбек ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының "Екі жирен" әнін ерекше орындағанын жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров