Банк

"Отбасы банкі" депозитті сатып алу-сату туралы өтініштерді әзірге қабылдамайды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мұндай өтініштерді жазу уақытша тоқтатылған. Клиенттер бұл мүмкіндікті бір аптадан соң ғана пайдалана алады.

Онлайн түрде жүргізілетін операция техникалық себептерге байланысты тоқтатылып отыр, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы хабарлама "Отбасы банкінің" ресми сайтында жарияланды.

31 наурыз бен 8 cәуір аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылады,

— делінген хабарламада.

30 наурызға дейін саудаға шығарылып үлгерген депозиттерді сатып алуға болады. Ал жаңа өтініштер 31 наурыз бен 8 сәуір аралығында қабылданбайды екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров