Асхат Аймағамбетов

Олар бізге бағынбайды - министр Назарбаев университетіндегі Z таңбасы туралы

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ / instagram.com

Бүгін әлеуметтік желіде "Назарбаев университеті" ғимаратының кіре беріс есіктерінің бірінде "Za наших" деген жазу ілініп тұрған фото жарияланды.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тілшілерге жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ведомство басшысы бұл мәселе еліміздің барлық азаматтарына бірдей қатысты. Заң алдында азаматтардың құқықтары тең, заң бәріне бірдей қолданылады деп айтты.

Егер біреу заңға қайшы позициясын білдірсе, жауапқа тартылады. Біріншіден, мына жағдайдан әзірге хабарсызбын. Екіншіден, Назарбаев университетінің автономдық мәртебесі бар. Олар бізге бағынышты мекеме емес, жеке заңы бар, есеп бермейді,

— дейді министр.

Ол осы ретте "Мұғалімінің этикалық кодексі" бар екенін еске салып өтті. Сол заңда бәрі анық жазылған.

Олар өздерін этикалық принциптерге, талаптарға сәйкес ұстауы керек. Соның ішінде ата-аналармен, оқушылармен, әріптестерімен қарым-қатынаста болуы тиіс. Ал өз ұстанымдарын, соның ішінде саяси позициясын көрсетуге рұқсат етілмейді,

— дейді Асхат Аймағамбетов.

Яғни мұғалім сабақты тек оқу бағдарламасы аясында жүргізу керектігі заңда нақты көрсетілген.

Бүгін елордадағы "Назарбаев университетінің" IT департаменті қызметкерінің жеке кеңсесінің есігіне "Zа наших" ("Біздікілер үшін") деген жазуы бар плакат іліп қойғаны анықталған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров