Алаяқтық

"Банк қызметкерімін". Алаяқ бірнеше банктен қомақты несие рәсімдеген

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Соңғы уақытта өзін "банк қызметкерімін" деп таныстырып, ақшам жымқыратын алаяқтар көбейді.

Ақтөбе облысының тұрғыны осындай алаяққа алданып, сан соғып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтөбенің 34 жастағы тұрғынына белгісіз біреу телефон шалып, өзінің банк қызметкері екенін айтады. Әлгі адамның сеніміне кіріп, жеке деректерін алады. Осылайша алаяқ жалпы сомасы 5 320 000 теңгені үш банктен онлайн рәсімдейді.

Қазіргі таңда ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға өздерінің жеке деректерін, банк карталарының нөмірлері мен кодтарын бейтаныс адамдарға беруге болмайтынын ескертеді. Егер сізге біреу "банк қызметкерімін" деп телефон шалып, жеке деректерді сұраса, әңгімені үзіп, банкпен ресми телефон нөмірі арқылы байланысқан жөн. Сондай-ақ "шұғыл желі" телефонына қоңырау шалу қажет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров