Табиғи апат

Қамыстыбас көлінен ыққан мұз жағадағы бірнеше нысанды қиратты

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

© Newscorr

Қызылорда облысындағы ең үлкен Қамыстыбас көлінде ери бастаған мұз қатты дауылдан жағаға шығып кеткен.

Ығысқан мұз көл жағалауындағы 50 метр аумаққа дейін басып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ал жағаны басқан сеңнің биіктігі 1,5 метрге жуықтайды. Соның салдарынан көл жағасына салынған 6 демалыс орынына айтарлықтай зақым келіпті. Одан бөлек тоқ бағаналарын да сең соғып, қисайтып тастаған.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бұл қатты дауылдың әсерінен болған. Былтырғы қуаңшылықтан кейін осы қыста Сырдария өзенінен келетін суды осы көлге әкеліп құйған. Сондықтан 400 метрге дейін тартылып қалған Қамыстыбас көлі қазір бұрынғы қалпына келіпті.

Тұрғындардан алынған фотоТұрғындардан алынған фото
Тұрғындардан алынған фото

Ал мұздың жағаны басып қалуына кешегі секундына 20 метр соққан дауыл себеп болған.

Сол көлдің жағасында 23 құрылыс нысаны орналасқан. Алтауын мұз басып қалған. Егер құрылыс нысандары заңды тұрғызылған болса, шығынды мемлекет өтеу мәселесі қарастырылуы мүмкін,

— дейді ТЖ департаментінің қызметкері Бауыржан Ізбасаров

Шығын көлемі әлі анықталмапты. Ал алдағы уақытта мұндай қауіп жоқ дейді төтеншеліктер. Сондай-ақ қазір жағаны басып жатқан мұздан құтылу үшін тек күннің жылығанын күтіп отыр екен.

Бұған дейін Экспресс К туризм орталығына айналған Қамыстыбас көліндегі мұздың жағаны басып жатқанын хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров