Асхат Аймағамбетов

Аймағамбетов мұғалімдерге 750 мың теңге айлық алудың жолын айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте тілшілерге қандай облыстарға барған мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсетінін айтты.

Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барғандардың жалақысы екі есе өседі, деп хабарлайды Экспресс К

Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған әріптестеріміздің жалақысы екі есе көп болады. Бірақ оларға КРІ ретінде көрсеткіштер қойылады. Екіншіден, оларға жұмыс істеген уақытта баспана беріледі. Үйдің коммуналдық шығындарын мемлекет өтейді,

— дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, министрлік ең үлкен тапшылық бар өңірлердегі мәселені осылай шешіп жатыр. Мұндай өңірлер қатарында Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстары бар. Сол үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінген.

Ол осы ретте мұғалімдердің орташа жалақысы әртүрлі екенін айтты. Бұл мұғалімдердің қай өңірде істейтініне де байланысты. Елорда мектептерінде 500-600 мың теңге жалақы алатын мұғалімдар бар екен.

Мысалы, Қызылорда облысында 750 мың жалақы алатын мұғалім бар. Өйткені оған экология үшін қосымша ақы қосылады,

— дейді министр.

Егер мұғалім ағылшын тілін жетік білетін болса, айлығына тағы 35 мың теңге қосылады. Дәптер тексергендерге де тағы 35 мың беріледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров