Қызылорда облысында бірнеше ауыл мен көшелер әкімдердің әкесінің атымен аталады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Бердібек Сапарбаев / Қырымбек Көшербаев

Қызылорда облысында бірнеше көшеге, тіпті бүтіндей ауылдарға аймақта әкім болған немесе қазір де сол қызметте жүрген азаматтардың әкелерінің аты берілген.

Олардың ішінде Қырымбек Көшербаев пен Бердібек Сапарбаевтың әкелерінің атымен аталатын көше мен ауыл бар, деп хабарлайды Экспресс К.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Көше, ауылдардың атауы берілген кей әкімдердің әкелері заманында елге елеулі еңбегі сіңіп, қатты танылмаған.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Мәселен Бердібек Сапарбаевтың әкесі Мәшбек Нәлібаев өз ауылының қарапайым азаматы болған. Оны шенеуніктің өзі де мойындайды. Бірақ облысқа қарасты Жаңақорған ауданында Мәшбек Нәлібаевтың атымен аталатын ауылдық округ бар. Жамбыл облысының қазіргі әкімі бұл жайында бұған дейін түсініктеме берген еді.

Ол ауылдың аты басқа болған. Сол ауылда осы мәселе көтерілген. Мен болмайды деп айтқанмын. Ертең бәлеге мен қаламын дедім. Өз әкесін үйтіп жатыр, бүйтіп жатыр дейді. Бірақ халық көтерген соң облыс басшылары қолдап, әкемнің аты берілді,

Айта кету керек, Бердібек Сапарбаев 1995 жылы Қызылорда облысының әкімі болған. Оның туған інісі Нұрлыбек Нәлібаев та Қызылорда қаласын бақандай 8 жыл басқарды.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Ал Жалағаш ауданында Мөрәлі Шәменұлы атында ауыл бар. Мөрәлі Шәменұлының қызы да, немересі де аймақтағы лауазымды қызметтердің тізгінін ұстаған. Мәселен Балжан Шәменова бір жылдан бері облыс әкімінің орынбасары. Ал немересі Асылбек Шәменов осы ауыл орналасқан Жалағаш ауданының әкімі. Есімі ауылға берілген Мөрәлі Шәменовтың уақытында мектеп мұғалімі, пошта қызметінің басшысы болған деген мәліметтер бар.

Ал Қызылорда қаласында осы аймаққа бұрын әкім болған немесе қазір де әкім болып жүрген жандардың әкелерінің атына берілген көшелер өте көп.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Қаланың қақ ортасындағы көшелердің бірі Қырымбек Көшербаевтың әкесі — Елеу Көшербаевтың атына берілген. Қырымбек Көшербаев та осы облысты бірнеше жыл басқарған болатын. Қазіргі қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың әкесі Қонысбек Қазантаевтың атындағы көше де қаланың орталық бөлігінде. Сондай-ақ Сырдария ауданы әкімінің әкесі Нәлғожа Ергешбаев атында да көше бар. Айта кету керек, Нәлғожа Ергешбаевтың баласы Мұрат Ергешбаев та Қызылорда қаласын бірнеше жыл басқарған.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Жақында әлеуметтік желіде Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков Сәкен Сейфуллин көшесін өз әкесінің атына ауыстырды деген ақпарат тараған. Көпшілік күллі қазаққа танымал ақынның есімін алмастыру бассыздық деп сынға алған болатын.

Бірақ әкімдік өкілдері бұл тұрғыда басқаша жауап берді.

"Аудан басшысының әкесі Әскербек Мақұлбековтің есімімен аталатын көше бұрыннан бар. Сәкен Сейфулин көшесінің атауын ешкім ауыстырған жоқ" — дейді олар.

Ал облыс әкімдігіндегілер аталған елді-мекендер мен көшелерге әкімдердің әкесінің есімі барлық заңдылықтарға сай берілді деп отыр. Әкімдіктің мәліметінше белгілі объектілерге атау беру үшін ономастикалық комиссия ең әуелі жергілікті тұрғындар пікірін назарға алады екен.

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларымен бекітіледі,

— дейді облыс әкімдігіндегілер.

Экспресс К тілшісі облыстағы әкімдіктерден ауыл мен көшелерге шенеуніктердің әкелерінің аты қашан берілгенін сұрап көрді. Әкім Сапарбаевтың әкесі Мәшбек Нәлібаевтың есімі ауылға 2005 жылы берілген. Яғни ол уақытта Бердібек Мәшбекұлы Қызылорда облысында әкім болмаған. Ал Жалағаштағы ауыл 1994 жылдан бері Мөрәлі Шәменұлының атымен аталады екен. Ол уақытта Жалағаштың әкімі Асылбек Шәменов оқушы болған дейді әкімдік өкілдері. Сондай-ақ әкімдердің әкесінің есімдерімен аталатын қала көшелері де бұрыннан бар екені белгілі болды. Қонысбек Қазантаев, Елеу Көшербаев, Нәлғожа Ергешбаевтардың есімі ұлдары әкім қызметіне жайғаспай тұрып-ақ қала көшелеріне берілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров