Көкпар

"Кім төрт қатын алмайды – сол қатын!"

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Мессенджерлерде көп әйел алуға үгіттеген жігіт ағасының үндеуі кеңінен таралып жатыр. Онда көкпар ойыны кезінде көпшілік алдында сөз алған азамат балуандарды ұрпақ санын мейлінше көбейтуге шақырған.

Азамат ол үшін әр қазаққа көбірек әйел алу қажеттігін ескерткен, деп хабарлайды Экспресс К

Топ алдында сөз алған ер кісі халық санын көбейту керектігіне аса назар аударған. "Әр қазаққа төрт әйел нәсіп етсін!" деген оның тілегін көпшілік қызу қолдап тұр. Кейбіреулер тіпті бұл сөзді батадай көріп, қолын жайып, бет сипауда.

Құр көкпар тартып, шапқылай бермей, төрт қатыннан алыңдар. Қазақтың санын көбейту керек. 30 жылда көп қатын алған ешқайсың жоқ,

— дейді ол.

Белгілі болғандай, тілек иесінің 2 әйелі бар екен. Ол жігіттердің намысын қайрап, 4 әйел алмағандарды қатынға теңейтінін айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров