Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 740 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді


Қайрат Сатыбалды / Гүлмира Сатыбалды
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының" лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" компаниясының басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыздар:
Агенттіктің мәліметінше, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Біз бұған дейін бірнеше рет рейдерлік шабуылға қатысты деген күдікпен ұсталған Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынғанын жазған едік.
Бөлісу