Newscorr

Newscorr: Газы далаға атқылаған құбырды жұмысшылар "скотчпен" орап кетті

Экспресс К

© Newscorr

Алматыда көгілдір отын тартылған құбырдан ақау шықты. Екіге бөлінген тұстан тоқтаусыз газдың сыртқа шығып жатқанын тұрғындар арнайы мамандарға хабарлаған. Бір қызығы, жөндеуге келген жұмысшылар құбырды скотчпен орап кеткен.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Бейнежазбадағы жағдайға қарап, көршілердің жайдан-жай алаңдаушылық танытпағанын көруге болады. Қала орталығындағы үйлердің маңынан жүргізілген газ құбыры бұған дейін сыр берген. Көгілдір отын иісі өртке ұласа ма деп үрейленген тұрғындар мамандарға хабарлапты. Бірақ құбырды жөндеуге келгендер жарылған жерді жамау үшін жабысқақ таспаға сенім артқан.

Еш саймансыз келіп, екі темірді скотчпен жалғап кетті,

— дейді мұндағы тұрғындар.

Бұл жағдайды олар әкімдік пен газбен қамтамасыз етуші компанияға айтқан. Бірақ жауапты мекеме жедел түрде қандай да бір шара қолдануға асығар емес.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров