Өзбекстан мен Түркия әскери келісімге қол қойды


podrobno.uz
Кеңейтілген нобайлы әскери келісім Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға ресми сапары кезінде жасалған.
Түркия тарапынан құжат Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Өзбекстаннан Қорғаныс министрі Баходыр Құрбанов қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл құжаттың мәні неде екенін тараптар ашып айтпайды. Дегенмен, Ташкентте өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Ердоған Түркия мен Өзбекстан арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында келісімдер жасалғанын, бұл елдердің "үлкен әлеуеті" бар екенін айтты,


Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, Өзбекстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге, яғни жан-жақты стратегиялық серіктестік дәрежесіне көтеру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуінде "көліктен энергетикаға, денсаулық сақтаудан білім мен мәдениетке дейін кең ауқымда" қарым-қатынастарды дамытуға келісті.
Бөлісу