Шоу-бизнес

"Әкесі кім?" Іште үш айлық балам бар деген Айгүл Иманбаеваның өзі жауап берді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/aigul_imanbayeva

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева осыдан екі күн бұрын аяғы ауыр екенін айтып, жарияға жар салған болатын.

Бұл жаңалықты естіген жұртты "баланың әкесі кім?" деген сауал қызықтырғаны анық. Осы сұраққа жауап алу үшін Экспресс К тілшісі әншіге хабарласты.

Әнші өзінің аяғы ауыр екенін теріске шығарған жоқ. Бірақ біздің басты сауалымызға Айгүл біртүрлі жауап берді. Өзінің айтуынша, егер ол аузын ашса, тағы бір нәрсе бүлдіріп алуы мүмкін. Осылайша Иманбаева сынға қалудан қатты қорқатынын білдірді.

instagram.com/aigul_imanbayevainstagram.com/aigul_imanbayeva
instagram.com/aigul_imanbayeva

Әкесін айта алмаймын, комментарий бере алмаймын. Аузымды ашсам тағы бір нәрсе айтып қоюым мүмкін,

— дейді Айгүл Иманбаева.

Иманбаева жүкті екенін гинеколог дәрігерден білген. Актрисаның айтуынша, оның іштегі баласы үш айлық. Жақында Иманбаева 45 жасын тойлағанын айта кетейік. Тіпті сол қуанышты кеште Айгүлдің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров