Қайрат Құдайберген

"Дикий" Арманның досы Қайрат Құдайберген қымбатшылықтың себебін сұрады

Есен ҮРКІМБАЙ

Қайрат Құдайбергенов/facebook.com/Видеодан кадр

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бейнежазба жариялады. Онда дүкеннен келген келіншек қыруар қаржыға аз ғана зат келгенін айтып, шағымданған.

Қаңтар оқиғасынде көзге түскен Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қымбатшылық туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Есімі көпшілікке таныс депутат Қайрат Құдайберген азық-түлік бағасының қымбаттауының себебін сұрады. Дүкеннен келген белгісіз келіншектің бейнежазбасын жариялаған алматылық депутат бағаның бағынбауына кім кінәлі дегенді алға тартты. Бейнежазбада автор 12 мың теңгеге аз ғана тауар келгенін, жалпы бағаның жиі құбылатынын айтады.

"Неге бұлай? Неге елімізде азық-түліктің бағасы мен жалақы көлемі Моңғолия мен Америкадағыдай алшақ? Мына бейнежазбаларды қарап, шынымен де біздің еліміздің шынайы ахуалын көруге болады", — деді Қайрат Құдайберген.

Бейнежазбаға көпшілік пікір қалдырып, депутаттың жазбасына қатысты ойларын білдірген. "Халық бекерге шырылдап жүрген жоқ", "Ашынатындай-ақ жағдай", "Кейбір адамдар 50 мың теңгеге ғана жұмыс істеп жүр" деп жазды желі қолданушылары.

Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде бірнеше рет көзге түскен еді. Ол кейін қамауға алынған "Дикий" Арманмен бірге жүріп, митинг кезінде сөз сөйлеген.

Оқиғадан кейін оны құзырлы органдардің тергеуге шақырғаны туралы айтылды. Ал депутат әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қоғамдағы жағдайларды қозғап көз жасына ерік берген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров