Қазақша боқтау

"Что такое "шешес"?" Ресейден келгендер жаппай қазақша үйреніп жатыр

Экспресс К

elements.envato.com

Украинаға соғыс жариялағаннан кейін экономикасына ауыртпалық түскен Ресейден Қазақстанға кетуге мәжбүр болған көрші ел азаматтары аз емес. Олар әлеуметтік желілерде қауымдастықтар құрып, әртүрлі чаттарда жергілікті тұрғындардың өмір салтын сөз етуде.

Қазақстандағы тірлікке бейімделу мақсатымен Telegram желісінде ашылған чаттардың бірінде ресейліктер жаңа елде ең көп қолданылатын сөздерді талқылаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жылдам ақпарат таратып, қажетті кеңес алуға болатын чаттарда ресейліктерге құқықтық, материалдық көмекті қалай алуға болатыны немесе қонақ үй, тұрақжай таңдауда қандай мекемеге жүгіну қажеттігі жайлы мәліметтер көп. Мұндай чаттарға тән бір заңдылық — қазіргі саяси жағдайға қатысты пікір жазуға үзілді-кесілді тыйым салынған.

Есесіне қазақ тілінде кең қолданатын сөздерге қатысты талқылаулар қызу өтеді. Чат мүшелерінің бірі қала көшелерінде ең көп естіген "шешең" сөзінің мағынасын сұрағанда қазақшадан хабары молырақ ресейліктер мұның өздеріндегі "твою мать" дегеннің баламасы екенін түсіндіруге тырысты. Қызды-қыздымен чат мүшелері қазақ тіліндегі өздері білетін барлық боғауыз сөздерді санап шыққаннан кейін, келеңсіз жағдайға тап болмау үшін өздері үйренген жаңа сөздерді көшеде қолданбауға уағдаласып жаңа тақырыпқа ауысады.

Атап айтар болсақ, ресейліктер қазақ тілінің фонетикалық талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше мән беруде.

Мысалы, Алматыдағы Көктөбені атағанда екпін соңғы дауысты дыбысқа түсетінін ескеру керек. Және "Е" әрпін біз үйренген "Э" емес, "егерь", "если" сөздеріндегідей айту қажет,

— дейді чат білгірлері.

Қауымдастық мүшелерінің ара-тұра не себепті Қазақстанға қоныс аударғандары туралы айтып қалатыны бар.

Қазір әскер жасындамын. Мені әскерге алып кеткенін күтіп, Ресейде қалар жайым жоқ. Одан да тыныш елде, тыныш жерде аман жүргенім артық,

деп ағынан жарылды ресейліктердің бірі.

Тағы бір ресейлік өзінің Қазақстан экономикасына пайдасы тигеніне риза.

Мен шетелдік компаниялардың бірінде жұмыс істеймін. Қазақстандық жұмысшылардың орнын тартып алу ниетім жоқ. Есесіне тапқан табысымды осы елде жұмсап, қажетті салығын төлеуге дайынмын,

— дейді Ресейден келген маман.

Ресейліктер жергілікті мәселерді де назардан тыс қалдырмай, Алматы аспанын тұмшалаған түтін мен кейбір азаматтарымыздың ауыз суды краннан алатынын да сөз етуде.

ЭК бұған дейін Қазақстанда Ресейдің қанша азаматы тұратынын жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров