Президент

Президенттің шенеуніктерді Ақордаға не үшін жинағаны белгілі болды

Экспресс К

PK Президентінің баспасөз қызметі

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қаржы-экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті.

Президенттің айтуынша, әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы ел экономикасына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Сондықтан мемлекеттік органдар үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет, деп хабарлайды Экспресс К.

PK Президентінің баспасөз қызметі

Жиын барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ал Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты жөнінде есеп берді.

PK Президентінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақты параметрлері жайында мәлімет берді.

"Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезеңде тұрмыз. Сондықтан біз барлық сын-қатер мен мүмкіндікті нақты әрі тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешімдер барынша салмақты болғаны жөн. Бірақ созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес қорытындысы бойынша президент Үкімет пен Президент әкімшілігіне еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров