Мүгедектер

"Аяғыңды көрсет!" Жаңаөзенде мүгедекке соқтыққан жігітке жұрт зекіп тастады

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Жаңаөзенде базарда қайыр сұрап тұрған қос аяғы жоқ адамға ұрынған тұрғын көпшіліктің наразылығын тудырды. Жарымжанға «Аяғыңды көрсет!» деген белгісіз азаматты жұрт райынан қайтарды.

Маңғыстауда екі аяғынан айрылып қайыр тілеп жүрген адамға тиіскен тұрғынның әрекеті талқыға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Жаңаөзендегі базардың кіреберісінде көпшіліктен қайыр сұрап отырған қос аяғы ортасынан жоқ адамға шектен тыс әрекеттер жасаған тұрғынға әйелдер дүрсе қоя берді.

Күнұзақ базарда тұратын мүгедек адамға келіп "аяғыңды көрсет" деп талап қойған. Сол тұста мүгедекке сауда жасап жүрген әйелдер араша түсті.

Көріп тұрсың ғой. Екі аяғы ортасынан жоқ. Жоқ аяқты ол қайда тығады? Қалтасына сала ма? Ұялмайсың ба? Ақшаңды бер де кет! Бермейсің бе? Мазалама!

— дейді бейнежазбада базардағы әйел.

Мүгедек адамға шүйліккен ер адам болса өзінің жаман ниеті жоғын айтады.

Мен саған телефонымды беремін. Бірақ сен өзіңнің аяғыңның шын жоқ екенін көрсет,

— дейді ол.

Алайда жиналған жұрт оған жол бермеді. Желіде кеңінен тараған бейнежазбаға қолданушылар көптеген пікір білдіріп, көбі бұны бассыздық деп атады.

"Осындай сөз айтып тұрған ер адамның қазақ болғаны өкінішті", "Жігіттікі дұрыс. Мүмкін өтірік "мүгедек" шығар", "Аяғыңда не шаруасы бар екен?", "Жаңаөзендіктердің бәрі біледі бұл мүгедекті" деген сынайда ойларын орта салған олар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров