Радио

"Әкем қазақ". Вова ағасын көмекке шақырмақ болған радиожүргізуші пікір білдірді

Экспресс К

Любовь Панова

Әлеуметтік желідегі жазбаның астында қалдырған пікірінен кейін басы дауға қалған "Еуропа Плюс" радиосының бұрынғы жүргізушісі Любовь Панова өзін кінәлі санамайды.

Любовь Панова Sputnik Казахстан-ға өзінің ұлтаралық араздық тудыратындай пікір жазбағанын айтып сұхбат берген, деп хабарлайды Экспресс К.

Менің пікірім агрессияға, ұлтшылдық мәлімдемелерге жауап болды. Мені қазақтарды ұнатпайды деп айыптайды. Өз Отанын сүймейді, сондықтан осы жерден кетеді деп жатыр. Менің әкем қазақ, балам қазақ. Меніңше, араздықты өздері қоздыруда,

—дейді Любовь Панова

Ол сондай-ақ өзінің желідегі пікірі үшін жұмысынан да шығып кеткен болатын. Любовьтың айтуынша, радиодағы қызметінен өз еркімен кетуге мәжбүр болған.

Өз еркіммен кеттім. "Русское радио" мен "Еуропа Плюсті" менің кесірімнен көпшілік сынға алмасын дедім. Өйткені жағдай ушығып бара жатты. Арыз жаздым да, жұмыстан кеттім,

—дейді ол.

Ал құзырлы орган өкілдерінен Любовь Пановаға әзірге ешқандай шақырту келмепті. Тіпті бұл жағдайға қатысты ешкім телефон шалмады деп отыр. Сондықтан ол өзіне қылмыстық істің қозғалғанын білмейтінін айтады.

Айта кетейік, бұған дейін радио жүргізушісінің әлеуметтік желідегі шулы жазбасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров