Торғайда жылқылар неден қырылып жатыр?


Видеодан кадр
Қостанай облысының Жангелдин ауданында жылқылардың өрісте өліп жатқаны туралы ақпарат тарады.
Тебінде жүрген жануарлардың қырылып жатқанын көрсететін видеолары WhatsApp мессенджері арқылы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қылқұйрықты мал қалың қарды тебіндей алмай, қорексіз қалған.
Торғайда мал шығыны болып жатқаны рас. Биыл қыс созылып кетті. Соның салдарынан жылқылар көтерем болып қалды,
Оның да бір жылқысы өліп қалған.
Оқи отырыңыз:
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ернұр Иманғалиев мал шығынынан бейхабар екенін айтты.
"Біздің жақта жылқылар қысы-жазы далада тебіндеп жүреді ғой. Бірақ биыл қар жылдағыдан қалың түсті. Сондықтан жергілікті жұрт қазіргі уақытта жылқыларын қайтадан қолға ұстай бастады. Бірақ мал өлімі туралы ақпаратты енді ғана естіп отырмын. Тіпті бұл жағдайдың қай ауылда болғанын да дәл қазір айта алмаймын", — деген бөлім басшысы нақты мәліметтерді кейінірек беруге уәде етті.
Бөлісу