Ене мен келін

Келіндер көтерілісі: "Айлықты, жәрдемақыны алып қоюды қойыңыздар, енешкалар!"

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде енелерге қарата қатты айтқан келіншектің сөзі қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Ол келіндерге тиісуді доғарып, құл етіп жұмсауды тоқтатуға шақырады.

Жазба авторының айтуынша, келін қалай өмір сүретінін күйеуі екеуі өздері шешуі тиіс, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазба қысқа ғана болғанымен, автор біраз нәрсе айтып үлгерген. Ол келіннің айлығын, жәрдемақысын және де қандай да бір ақшалай табысын алып қоятын енелерге шүйліккен. Оның айтуынша, келіндер тапқан қаражатын өз қажетінше жұмсағысы келеді. Сондай-ақ келіншек 21-ші ғасырда адамға құл ретінде қарауға болмайтынын жеткізген.

Келін мен бала өз өмірлерін өздері сүру керек. "Біз кезінде бүйткенбіз, сүйткенбіз" деген әңгімені қою керек. Сіздің сол кезде сондай ақымақ болғаныңызға келіннің қатысы жоқ. Сондықтан келіндерді жайына қалдырыңыздар,

— дейді ол.

Пікірлерге қарағанда, бұл жазбаны көпшілік қолдай қойған жоқ. Көп адам келіндердің мұндай әрекетке баруын ұят деп есептейді. Алайда, авторды қолдайтындар да табылыпты. Олардың пайымдауынша, әйелдің жағдайын бірінші кезекте күйеуі жасауы тиіс. Ал енелердің жастардың арасына түсуі дұрыс емес.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров