Көпбалалы ана

"Ашумен істедім". Үйіне өрт қойған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды

Экспресс К

Видеодан кадр

Әділдік іздеген келіншек үйге өрт қойып, өзінің және 4 баласының өмірін қатерге тікті. Жетісай ауданының полиция және прокуратура қызметкерлері бейнежазбадағы әйелдің үйіне барып, жағдайын біліп қайтты.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 наурыз күні болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілді. Қазіргі уақытта балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды,

— деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Көпбалалы ана мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын мойындады. Оның айтуынша, балаларына зиян келтіру ойында болмаған.

Балаларымның жағдайы жақсы. Мен оларға зиян келтірмеймін. Мұндай жағдай енді қайталанбайды. Ертең ана мен бала орталығына барамыз,

— дейді әйел.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров