Заңсыздық

Шымкентте ПД баспасөз хатшысы шулы аудиожазбаға қатысты түсінік берді

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Мөлдір Бекеева/facebook.com

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева желіде тарап кеткен аудиожазбаға қатысты түсінік берді.

Департамент өкілінің айтуынша, бұл әлдекімдердің жасаған қастандығы, деп хабарлайды Экспресс К.

"Менің аты-жөнімді көрсете отырып таралған материалдың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын. Бұл "дауыс-ырғақ" қондырғысымен монтаждалып арнайы жасалған. Сонымен қатар, аудиожазба аталған парақша "YouTube" желісіне тіркеле сала жүктелген. Яғни, тіркеле салысымен менің аты-жөніме бағытталған бір ғана жазбаны жариялап, ешқандай дәлел-айғақтарсыз суреттерімді де қолданған. Сондықтан, бұл маған және қызметіме жасалып жатқан қастандық деп білемін. Қазіргі уақытта бұл жайтқа қатысты тексеру тағайындалды, нәтижесі қосымша хабарланатын болады",-деді ол.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Экспресс К бұған дейін Полиция департаменті баспасөз хатшысының дауысына ұқсас аудиожазба тарап кеткені туралы жазды. Онда әйел азаматы майор шенді қызметкерге былапыт сөздерді жаудырады.

Аудиожазбада "Менің қолымда болса, атып тастайтын едім...", "Пошел на х*й бәріңе", "Құры жұмыстан, мал..." деген сөздер айтылады.

Бұл жайт бойынша Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров