Танымал актер Жан Байжанбаев тікелей эфирде журналистке жұдырық ала жүгірді

Экспресс К

Видеодан кадр

Қазақстандық актер тілшінің сөзіне шамданды ма, әлде ”Оскар-2022” рәсіміндегі Уилл Смиттпен болған жағдайды қайталағысы келді ме, ол жағы әзірге белгісіз.

"Таңғы STUDIO" бағдарламасының жүргізушісі Жан Байжанбаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде тілшіні соққыға жықты, деп хабарлайды Экспресс К Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Жан Байжанбаев өзін кекете сөйлеген тілшінің көзін көгертті.

Тікелей эфир кезіндегі бұл оқиға "Оскар" сыйлығын табыстау рәсіміндегі жағдайдан кейін болды. Журналистің "Оскар" жүлдесін алдыңыз ба деген сұрағына, актер "жоқ" деп жауап берді. Тілші бұған еш таң қалмайтынын айтты. Оның "қағытпа қалжыңына" ашуланған актер эфир кезінде тілшіні бір ұрып, көзін көгертті.

Жеңіл жарақат алған журналист эфирді ары қарай жалғастырып әкетті. Дегенмен бейнежазбадан көзінің ісіп кеткенін байқауға болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров