Президент

Мемлекет басшысына қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолдары туралы баяндалды

Экспресс К

PK Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары үш бағытта жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.

"Бірінші бағыт — әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт — қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпарттық ресурс жасау. Үшінші бағыт — қазақ тілін реформалау", — дейді Анар Фазылжанова.

Анар Фазылжанованың айтуынша, мұндағы басты мақсат — ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров